Текст
Білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлованың білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті. Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.Алдабергенова "қашықтықтан білім беру барысы туралы" баяндама жасады. Әдіскер А.Төлебаевтың "Kundelik" электрондық журналын жүргізу, ҰБДҚ толтыру, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда жариялау туралы" баяндамасы тыңдалды. Білім бөлімінің әдіскері С. Маликова "оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету туралы"баяндамасын оқыды. Кеңес барысында "Бұланды аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі және бақылау басқармасы" РММ басшысы Д.Мұхаметжанова қатысып, оқыту және сыныптан тыс іс-шараларды өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын тағы да еске салды.