«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Ерте жүктіліктің алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қолсұғушылық және құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстар» атты ВКБ (видеоконференцбайланыс» өтті.

15.09.2020

2020 жылдың 15 қыркүйегінде Бұланды ауданының прокуратурасының прокуроры Сатаев Рашид Канатовичпен «Бұланды ауданының білім бөлімі» басшысы Жолдығұлова Алия Абдулвахитовнаның төрағалығымен «Ерте жүктіліктің алдын алу,  кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қолсұғушылық және құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстар» атты ВКБ (видеоконференцбайланыс» өтті.
Семинар-кеңеске қатысқандар:
- Бұланды ауданының ОАА бас дәрігері Мусин Жанат Сартайұлы;
- Бұланды аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Мұқамғалиев Талғат Аманжолұлы;
- Білім беру ұйымдарының басшылары, 9-11 сынып оқушылары, ата-аналар қоғамының өкілдері.
    Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Міндеттері:

Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау және оларға медициналық-психологиялық және құқықтық қолдау көрсету.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.

3. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:  

1. "Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу" - Бұланды ПБ ЖПҚБ УПИ аға полиция подполковнигі Т. А. Мұқамғалиев.

2. "Кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің, түсік тастаудың, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу" - Бұланды ОАА бас дәрігері Ж. Мусин.

3. Мектептегі профилактикалық жұмыс. Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің анықталған фактілері және осындай фактілердің алдын алу бойынша одан әрі алдын алу жұмыстары – "Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" КММ басшысының м.а. Д.Янченко.

4. «Макинск қаласының №5 ОМ» КММ-де оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша мектептің жұмыс жүйесі - мектеп басшысы Г.Тілегенова    

Әр сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін талқыланған мәселелер бойынша пікірталас өтті. Семинарға қатысушылармен жыныстық қолсұғылмаушылықтың, ерте жүктіліктің, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелер бойынша пікір алмасылды.

Семинар-кеңесті қорытындылай келе, жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша бірқатар жұмыстарды жүргізу үшін ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.

 

Білім бөлімінің әдіскері

Ш. Каскеева
 

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст