Текст
Білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлованың білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесуі өтті. «Оқытуды ұйымдастыру туралы. Онлайн-Мектеп платформасын пайдалану» атты баяндамамен әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Алдабергенова сөз сөйледі. Әдіскер А.Төлебаевтың «Kundelik» электрондық журналын жүргізу, ҰБДҚ толтыру, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстардағы жарияланымдар туралы" баяндамасы тыңдалды. Білім бөлімінің әдіскері Ш. Қаскеева «сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру туралы» баяндамасымен сөз сөйледі. Сабақтан тыс уақытта кәмелетке толмағандарға бақылауды күшейту, сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу ұсынылды.