Текст
Бұланды ауданының педагогикалық еңбек ардагері Нағима Қазбекқызы Әбенова ұстаздар күніне арналған салтанатты шарада облыс басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен болып өткен құттықтау рәсімінде педагогикалық еңбегі, кәсібіне адалдығы және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін аймақ басшысының қолынан 50 000 теңге көлемінде алғыс хат пен сертификат алды.
Еңбек ардагерін, әріптесімізді көпжылдық еңбегі үшін лайықты марапатпен құттықтаймыз.