«Бұланды ауданының білім беру бөлімі» ММ Макинск қ., Карьерная көшесі, 10/ «а», «Айгөлек бөбекжай – балабақшасы» МКҚК меңгерушісінің бос лауазымына конкурс жариялайды.
Іске асыратын мектепке дейінгі тәрбие және білім.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл ЖОО оқытушыларының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің лауазымдық міндеттері:
Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбие-білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. МДҰ мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, құрылтайшылар қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен байланысты, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. МДҰ-ны мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білдіреді. МДҰ қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтілі бес жылдан бастап 80 521теңге дейін.
Байқаудың өтетін күні мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Конкурсқа қатысу үшін осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес хабарландыру шыққан күннен бастап келесі құжаттар қабылданады::
- көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша - 2 (екі) жұмыс күні;
– көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес-7 (жеті) жұмыс күні.
Келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі (ЖОО-ның өзіндік үлгісіндегі) құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама);
9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
13) Білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;
14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындауды (бұдан әрі – конкурстық тағайындау) конкурс жариялаған білім беруді басқару органы жүзеге асырады және бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеу (анықтама болған жағдайда талап етілмейді);
5) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу);
6) кандидаттарды облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен келісу);
7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Құжаттар осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес мерзімде қабылданады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
– көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша - 2 (екі) жұмыс күні;
– көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес-7 (жеті) жұмыс күні.
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Бұланды ауданы , Макинск қаласы, Богембай батыр көшесі, 21/ «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бұланды бөлімі.
Анықтама телефоны: 8-71646-2-25-44(РҚБ қабылдау бөлмесі), 2-14-14(кадр бөлімі), 2-14-77 (ХҚКО).
Электрондық мекенжайы: bulandyroo@aqmoedu.gov.kz