«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Мереке күні неге өзгерді?

06.09.2024

1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданып, 1998 жылдан бастап 22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні болып жарияланып, ресми түрде жыл сайын аталып келді. Алайда, жиырма жылдан кейін атаулы мерекенің күні өзгерді. 2017 жылдың күзінде Үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды, өйткені дәл осы күні қазақ ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Алаш арысы Ұлт ұстазы ретінде ел тарихында, қазақ халқының тағдырында өшпес із қалдырды. Соныдықтан, елімізде Тілдер күні мерекесі 5 қыркүйекте аталып өтеді.

Просмотров: 1196

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст