Текст
03.11.2020 жылы "Критериалды бағалау жүйесі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар" тақырыбында орыс тілінде оқытатын сыныптарда физика және математика мұғалімдерінің арасында аудандық қашықтық семинары өтті. Семинардың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика және физика пәндерін оқытуда оқытушылық практикаға жаңа тәсілдерді енгізу, физика мен математиканы оқытудың тиімді жолдарын анықтау. Аталмыш семинар мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға, білімді кеңейтуге, құзыреттілікті арттыру үшін жағдай жасауға ықпал етті.