«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Жас педагогтарға арналған онлайн оқыту семинары

09.11.2020

Онлайн режимінде жас педагогтарға арналған  оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: жас педагогтардың кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Міндеттері: жас мамандардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту, жас педагогтарға педагогикалық міндеттерді шешуде көмек көрсету, жас педагогтардың кәсіби қызметте құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Никольск ОМ мұғалімі И.В. Новосельская  «Оқушылардың жоғары сапалы білім алуына қалай қол жеткізуге болады»  тақырыбында мастер-класс өткізді. «Оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында Макинск қаласындағы №3 ОМ мұғалімі А.В. Черненкова баяндама оқыды. Макинск қаласындағы мектеп –лицейдің педагог-психологы Л.К. Ханаева «Арт-терапия ширығуды басу құралы ретінде" тақырыбында тренинг өткізді. «Оқушыларды олимпиадаға, конкурсқа дайындаудағы жүйелі тәсіл» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесінен Б. Шолақ атындағы мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  А.К. Бахтыбаева және мектеп-гимназияның мұғалімі М. Б. Туржанова сөз сөйледі . Онлайн-семинарға ауданымыздан  30 жас педагогтарымыз қатысты. . «Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі.» - деп аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Алдабергенова семинарды аяқтады.

 

Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст