Аудандық әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 19 қыркүйегінде «Оқушыларға бейімделу кезеңін психологиялық сүйемелдеу (1,5,10 сыныптар)» атты аудандық онлайн отырысы өтті. Отырыста жалпы орта білім беру ұйымдарының аудан педагог-психологтары қатысты.
Отырыстың мақсаты: бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеуге жәрдемдесу. Психологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша құжаттамасын жүргізу процесінде педагогтарға көмек көрсету.
Отырыста Макинск қаласының мектеп-лицейінің педагог-психологы Ханаева Л. К. сөз алып, оқушылардың бейімделу кезеңін талқылап, әр сыныптың бейімделу кезеңіне тоқталып, ұсыныстарды белгілеп, ата-аналармен бейімделудегі қиындықтарды алдын алу мақсатында жүргізетін жұмысты нақтылады. Әдістемелік кабинетінің әдіскері Галия Баитова өз сөзінде «ҚР Білім министрінің 2022 жылы 25 тамыздағы № 377 және 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрықтарына тоқталып, психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін, тәртібін және бағыттарын атап өтті. Отырыс соңында ұсыным қабылданды.