Текст
Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Алдабергенова директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен 2020-2021 оқу жылының III тоқсанында білім беру үдерісін ұйымдастыру туралы онлайн режимінде жұмыс кеңесін өткізді. Бірінші жартыжылдықта оқушылардың білім сапасының төмендеуін ескере отырып, ауданның оқу-әдістемелік кабинетінің олқылықтарды жою және оқушылардың білімін толықтыру процесін әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес жұмысты ұйымдастыру және жүргізу ұсынылды.