Текст
5 қаңтар күні аудан мектептері жанындағы мектепке дейінгі шағын орталықтар педагогтарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде оқушылардың сабаққа қатысуы,сырқаттанушылық мәселесі қаралды.Әдістемелік тақырыптағы жұмыс нәтижелері, педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша түсіндіру жұмыстары қаралды. Қорытынды бойынша оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді. Балалардың сабаққа қатысуын және педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын бақылауға алу ұсынылды.