«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Біріңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы

17.02.2025

2025 жылдың 14 ақпан күні Бұланды ауданы мектептерінде 9-11 сынып оқушылары арасында «Біріңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы өткізілді. Бұл шараның мақсаты өрт қауіпсіздігі саласындағы білім мен дағдыларды арттыру, жастарды өрт қауіпсіздігі бойынша жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында ауданымыздың аға лейтенанты, полиция қызметкері Жусупов А.А. мен Азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Баянбаев А.Б. өрт қауіпсіздігі бойынша маңызды нұсқаулықтар беріп, оқушыларға өрт кезінде дұрыс әрекет ету тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, сала мамандарының нақты және түсінікті жауаптарын алды. Бұл акция өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын ұғындыру, сондай-ақ жасөспірімдердің қоғамдық қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Просмотров: 1699

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст