Текст
Бұланды ауданы білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 "Б" сынып оқушысы Бутрамьева Лиана "Мен табиғатты танимын" атты экологиялық бағыттағы ғылыми жобалардың облыстық конкурсына қатысып, 2 орын иегері атанды. Конкурсқа Ақмола облысының түкпір-түкпірінен 25-тен астам оқушы қатысты. Лиана "Партизанка ауылының Экомаршруты" жұмысын ұсынып, Бұланды ауданын лайықты көрсете білді. Ғылыми жобаның жетекшісі мектептің аға тәлімгері Төлеубаев Бекзат Жанатұлы және химия, биология пәнінің мұғалімі Петрова Любовь Михайловна.