Bilim Land білім беру сайты педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және көтермелеу мақсатында жыл сайынғы "Жаңашыл мұғалім 2021-2022" республикалық байқауын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Ниет білдіруші әрбір мұғалім байқауға қатысып, АКТ дамуына өз үлесін қосып, ақшалай сыйлық ұтып алу үшін облысыңыздың барлық мектебіне байқау туралы хабарлауыңызды сұраймыз.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең: сабақты/іс-шараны әзірлеу. Мерзімі: 22.10.2021-31.12.2021.
2-кезең: бейнепрезентация + сабақтың \ іс-шараның бейнефрагменті.
Мерзімі: 17.01.2022 – 17.04.2022.
Байқауға қатысу – тегін.
Байқаудың жүлде қоры – 2 000 000 теңге
Байқауға қатысушыларға 4 аталымның біріне қатысу ұсынылады.