«Замануи дәстүрлі емес сурет салу техникасы»атты мектепке дейінгі ұйым педагогтарының жұмыс тәжірибесінен шебер-сынып өткізу туралы» аудандық байқау.
2022 жылы 5 сәуір күні «Замануи дәстүрлі емес сурет салу техникасы»атты мектепке дейінгі ұйым педагогтарының жұмыс тәжірибесінен шебер-сынып өткізу туралы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: заманауи дәстүрлі емес сурет салу әдістері арқылы білім беру процесінде көркемдік және эстетикалық бағытты дамыту, Мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату.
Міндеттері: - үздік тәжірибені іздеу; - педагогтарға тәжірибе алмасу алаңын ұсыну; - жаңа педагогикалық тәсілдерді зерттеу және енгізу; - балалардың шығармашылық қиялын және кеңістіктік ойлауын дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
І орын-Алматова Қорлан Жақсылыққызы «Балдырған» мектеп-балабақшасының тәрбиешісі.
ІІ орын- Шолько Людмила Владимировна Буденовка ауылының «Солнышко» шағын-орталығының тәрбиешісі.
ІІІ орын- Глухова Анджела Валерьевна «Солнышко» бөбекжайы және
Айтенова Орынбасар Жанибековна «Балдырған» мектеп-балабақшасының тәрбиешісі. Г.Р.Баитова, АӘК әдіскері