02.06.2022
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны
Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтетіндігін хабарлайды.
Науқанды өткізудің негізгі мақсаты - қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.
Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Ақмола облысы білім басқармасының – 8 (7162) 903152 сенім телефонына, Білім бөлімі – 8(71646) 21387, 87162-72-29-03 call-орталығына және «BALA QORGAU» Телеграмм-чатына хабарласуға болады.