«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Айтулы мерекеге арналған ашық сабақ

07.12.2017

Халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған

азат күні,Тәуелсіз қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз

түгенделіп,тілімізі,дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік рәміздердің

қабылдануы тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы 1991 жылдың 1

желтоқсанынан басталады. Себебі, осы күні Қазақстан Республикасында

жалпыхалықтық сайлау өткізіліп, сайлаущшылардың қалауымен Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев жеңіске жетті.

2012 жылдан бастап желтоқсанның бірі Тұңғыш Президент күні мерекесі аталып өтеді.

Мереке қарсаңында елімізде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. «Тілдерді оқыту орталығы» КММ –нің жұмыс

жоспарына сай ағымдағы аптада «Тұңғыш Президент» тақырыбында ашық сабақ

өткізілді. Сабақтың мақсаты

тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Президенті туралы мағлұмат беру, елге

істеген игі істерін үлгі өнеге тұтуға баулу. Орталық оқытушысы

Улмира Мамбетова өз кіріспе сөзінде Елбасының өмірбаянымен таныстырып, еңбек

жол ытуралы бейнебаян көрсетті. Көрсетілген бейнебаян бойынша тыңдаушылар

сұрақтарға жауап берді. Сабақ барысында рөлдік ойын өткізілді. Әр тыңдаушы өзін

диктор ретінде сынап көрді. «Дикторлар» Елбасымыздың салиқалы саясаты мен

сауатты басқаруының нәтижесінде елімізде атқарылып жатқан игі істерді

«жаңалықтар» ретінде айтты. Атап айтар болсақ, ЕХРО-2017 көрмесі, «Болашаққа

бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Универсиада -2017, латын қарпіне

көшу мәселесі. Сондай-ақ, сабақта жазылым, тыңдалым, кері байланыс әдістері

қолданылды. Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сабақ «Менің елім» әнін

орындаумен аяқталды.

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст