«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Төл өнеріміздің өресі биік, өркені асқақ

28.11.2017

Өткен аптада Көкше жерін дүбірлетіп «Бала ақын – жас дарын» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Айтыс

басталмас бұрын жас ақындарға III-ші халықаралық Шығармашыл жастардың Шабыт

фестивалінің поэзия номинациясы бойынша гран-при иегері,  «Сүтті іңір», «Бүлдірген ағып түскенше»,

«Бөрісырғақ» атты жеке жыр жинақтарының авторы, «Дарын» Мемлекеттік Жастар

сыйлығының лауреаты, екі дүркін Мемлекеттік стипендия иегері, Қазақстан Жазушылар

Одағының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы тәжрибелік сабақ өткізді. Айтыстың

алдаспанындай жарқылдап, көпшіліктің көзайымына айналған Дәулеткерей ақын

жастарға жол көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Жастарды көп ізденуге, кітап оқуға,

білім алуға шақырды. Кейін Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада

Дәулеткерей Кәпұлымен «Қазақ дейтін қасқа айғырдың құлыны ем»,-атты кездесу

кеші өтті. Көкшелік жас таланттар Дәулеткерейдің өлеңдерін нақышына келтіріп

жатқа оқыса, ел ағалары ақынға ақ батасын беріп, иығына шапан жапты. Кеш

барысында Дәулеткерей ақын поэзиясынан сыр шертіп, біршама жаңа өлеңдерін

оқыды.

Күн екінтіге еңкейген уақытта көпшілік асыға күткен оқушылар айтысы басталды. Ақмола облыстық

мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылық орталығының

ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында

өткен бұл жолғы айтыс Алаш партиясының 100 жылдығына арналды. Жалпы Көкше

төрінде айтыс жайлы сөз болса ең әуелі Орынбай, Арыстанбай, Шөже сынды

ақындардың аты ауызға келеді. Бір айта кетерлігі Көкшетауда ең алғаш оқушылар

айтысы сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында өткен еді. Не бәрі екі рет өткен

оқушылар айтысының екеуінде де бас жүлдені Қанат Қыдырмин еншілеген еді. Ал,

бірінші орыннан Арман Бердалин көрінген болатын. Кейін сол Қанат Қыдырмин 9 жыл

бойы Ақмола облысының бас имамы болып қызмет етті. Ал, Арман Бердалин айтыс

әлемінде, поэзияда биік белестерден көріне білді. Одан қайтып Көкшеде оқушылар

айтысы өтпеген еді. Тек өткен жылдан бастап кенжелеп қалған төл өнеріміздің

тамырына қан жүгірген болатын. Былтыр алғаш рет өткен айтыстың бас жүлдесін

бұландылық жас ақынымыз Бергенбек Азатбекұлы иеленген еді. Ізін суытпай сол

айтыс биыл да дәстүрлі түрде жалғасын тапты. Облыстық орыс драма театрында

өткен айтысқа Степногор қаласынан Аниса Қамзиева, Аршалы ауданынан Арайлым

Бағдатқызы мен Марал Кенжегүлқызы, Бұландыдан Ақтілек Қайымханұлы, Бағзор

Ерболқызы, Бергенбек Азатбекұлы келсе, Ерейментау ауданынан Бахтияр Жепенов,

Зерендіден Нұрбек Серікұлы, Ақкөлден Бағдат Жарқынбекқызы, Атбасардан Әділбек

Нұрдыбекұлы және Целиноград ауданынан Сая Тұрсынбекқызы келді. Сондай-ақ, бұл

айтысқа Солтүстік Қазақстан облысынан Диас Аяған мен Шыңғысхан Ғабдуллиндер

қатысты. Жарау аттай жер тарпып келген ақындарға әділ бағасын беріп, төрелік

ететін қазылар алқасына Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, айтыскер,

«Мәдениет саласының үздігі», Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі

Мырзабек төрағалық етті. Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамында Ақмола

облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев, «Дарын»

мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты халықаралық, республикалық, айтыстардың

жеңімпазы, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің

лауреаты, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры Саян Мұхамедияр,

Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, «Серпер», «Дарын»

мемлекеттік жастар сыйлықтарының иегері, «Шабыт» халықаралық фестивалінің екі

мәрте лауреаты және Гран-При иегері Алмас Темірбай болды. Тартысты өткен

айтыстың қорытындысы бойынша үшінші орынды зеренділік Нұрбек Серікұлы мен

Целиноград ауданынан келген Сая Тұрсынбекқызы қанжығалады. Екінші орыннан жерлесіміз

Елеш Қабылханның шәкірті Ақтілек Қайымхан көрінді. Ал, бірінші орынды Солтүстік

Қазақстан облысынан келген Дияс Аяған жеңіп алды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтар,

дипломдармен жəне Ақмола облыстық оқыту-əдістемелік орталығының сөздіктерімен

марапатталды.

Бір айта кетерлігі, жүлделі екінші орынды еншілеген бұландылық Қайымхан Ақтілек өткен жылғы айтыста

1-орынды иеленген болатын. Аламанның алдынан көрінген Ақтілекке алар асуың мол

болып, айың оңыңнан тусын демекпіз.

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст