Аудандық тілдерді оқыту орталығының дәрісханасында орталықтың ұйымдастыруымен «Рухани
жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында қазақ әдебиетінің қазіргі жас
толқындары, поэзия, айтыс өнерінің алға басуына өзіндік үлестерін қосып жүрген
жас ақындармен кездесу кеші өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Бахыт Шамкенқызы Тасылбекова, аудандық соттың судьясы
Басбатыр Қабжанұлы Ахметжанов, еңбек ардагері, «Ақ жаулық» әжелер тобының
мүшесі Сағат Қожахметқызы Кембаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Айгүл Бейсенбайқызы Жанбатырова, білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар,
оқушылар, жас ақындар қатысты.
Жас ақындармен кездесу кеші барысында жас дарын иелерінің туындылары оқылып, айтыс
өнерінен шағын көрініс орын алды. Ал кешке шақырылған құрметті қонақтар
жастарға ақ батасын беріп, ақ жол тіледі.
Сонымен қатар ауданның мәдени өмірінің дамуына үлесін қосып жүрген белсенді
шығармашылық тұлғалар, жас ақындардың ұстаздары аудан әкімінің алғыс хаттарымен
марапатталды.