«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Әсерлі кеш, астарлы ой

10.11.2017

Елбасымыздың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұны терең, ұлт болашағын көздеген мақаласы

аясында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық «Тілдерді

оқыту орталығы» КММ «Жар-аманат» атты жас ақындармен кездесу кешін өткізді.

Оған аудан әкімінің орынбасары Бахыт Шамкенқызы Тасылбекова, аудандық соттан

Басбатыр Қабжанұлы Ахметжанов, «Ақ жаулық» әжелер тобының мүшесі Сағат

Қожахметқызы Кембаева, ардагер ұстаз Ақшатай Сәдуақасқызы Изахметова, ішкі

саясат бөлімінің басшысы Айгүл Бейсембайқызы Жанбатырова және аудандық білім

беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар, оқушылар, жас ақындар қатысты. Орталық

директоры Әсел Жамбылқызы Сабирова кездесу кешіне арнайы келген қонақтарды

таныстырғаннан кейін, жас ақын Бергенбек Азатбекұлы арнау айтты. Кеудесін

кернеп, жүрегін тербеген терең ойын өлең шумақтарымен жеткізді. Құттықтау сөз

сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бахыт Шамкенқызы Ақкөл ауданында өткен

облыстық айтыстан жүлдемен оралған жерлестерімізді құттықтап, шығармашылық

табыс тіледі. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары жас ақындарымыз

Бергенбек Азатбекұлына, Хайымхан Ақтілекке, Бағзор Ерболқызына және ұстаздары

Елеш Хавылхан мен Амангелді Айтуғанға аудан әкімінің атынан «Алғыс хаттар»

табыс етті. Кездесу кешінің шымылдығын облыстық, республикалық ақындар

мүшәйрасының жеңімпазы, Көкшеде шыққан «Тәуелсіздік - Тағдырым» атты жас

ақындар антологиясына өлеңдері енген Тілек Серікұлының өлеңдерімен ашылды.

Кейін Көкшетауда білім алып жүрген тағы бір ақын жерлесіміз Еламан Дағиман

кешке арнайы келіп, өлең оқыды. Аудандық соттан келген Басбатыр Қабжанұлы

салиқалы сөздерімен өткенге тоқталып, тарихқа көз жүгірте келе жүрек жарды

өлеңін оқыды. Басбатыр ағаның ақындық қабілеті жайлы бұрын естігеніміз болмаса,

өлең оқығанын көзбен көрмеген едік. Иә, атқа мінер ел ағаларының өлең оқығаны

өлең өлкесіне қадам басқан жастарға жігер берері анық. Кездесуге келген

көпшілікке облыстық айтыстың жүлдегерле де өз өнерлерін көрсетті, өлеңдерін

көрсетті, арнауларын айтты. Құрметті қонақтардың қатарында отырған Сағат

Қожахметқызы да өз естеліктерімен бөлісті. Жалпы Сағат апаның ақындығы жайлы

газетімізде бұған дейін жарияланған мақалаларымызда тілге тиек еткен едік.

Сағат апа да кеш барысында өз өлеңдерімен бөлісті. Ақын, ұстаз, әнші Амангелді

Айтуған қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп ән шырқаса, айтыскер ақындар

Бергенбек Азатбекұлы мен Хайымхан Ақтілек айтыс жасап, сөз қағыстырып өтті. Қос

ақын бір-бірін сөзбен түйреп, аяқ асынан шықса да тамаша айтыс көрсете білді.

Кешке арнайы келген

қонақтардың бірі Ақшатай Сәдуақасқызы. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында тұрып

жатқан ардагер ұстаз құрбысы Сағат апамыздан тағлымды кеш өтетінін телефон

арқылы естіген екен. Ақшатай апа ауданымыздың тумасы. Ел еңсесін енді көтерген

қиын-қыстау кезеңді көзімен көрді. Алғаш рет ауданымызда наурыз тойын

тойлағанын емірене еске алды. Кеш барысында көпшіліктің ақындық қабілеттерін

сынау үшін ойын жүргізілді. Сандықтың ішіне жасырылған сыйлықтарды жүргізуші

алып шыққанда кім соған арнап табан астынан өлең шығарса сыйлық сол адамға

бұйырды.

«Ән көңілдің ажары»,-

демекші кеш барысында Басбатыр Қабжанұлы орындаған әнін тыңдатса, ауданымызда

еңбек етіп кеткен ақын Марғұлан Оспанов сәлемдеме ретінде жаңа әнін жолдапты.

Жиналған көпшілікке бейнебаян арқылы көрсетілді.

Жас ақындарды өнер баулып

жүрген ұстаздар өз пікірлерін білдірген кезде Елеш Хавылханұлы «Мойынымызда бір

айтыс өткізу тұр»,-деді өз сөзінде. Артынша сөз алған еңбек ардагері Бүкей

Байболат ата да жоғары деңгейде айтыс өткізу керектігін атап өтті. Кеш соңын

Өнербек Мәмидоллаұлы «Атамекен» әнімен түйіндеді.

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст