Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік ˗ алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп
тұрған төрт белгіміз бар,оның біріншісі –елтаңба, екіншісі˗ әнұран, үшіншісі˗ көк
байрақ, төртіншісі ˗ қазақ тілі» деген сөз кім-кімді болмасын, ойға қалдырады.
Елбасымыз мемлекеттік тілді дамыту
мәселесіне әрқашан зор көңіл бөлуде. Қазіргі таңда «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясындағы өткізіліп жатқан
іс-шаралар қоғамда зор сілкініс тудырып, жаңа рухани құндылықтардың негізін
қалауға жол ашты. Осы бағдарлама негізінде іске асырғалы отырған мәселе – латын
әліпбиіне көшу мәселесі. Қазақ жазуының тарихы бірнеше тарихи кезеңдерді
басынан өткізді.Тарихқа тоқталсақ, 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы
пайдаланылды. XX ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ
фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп
жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған.1929
жылдан бастап латын әліпбиі енгізілді.1929-1940
жылдары қолданылған латын әліпбиінде 32 әріп болған.1940 жылдан кирилл
графикасы қолданылып келеді.
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде
«Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыптағы парламенттік тыңдалымда латын графикасына негізделген 25 таңбалы әліпбиге
қосымша қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты
таңбалайтын 8 диграфты ұсынды. Бүгінгі таңда бұл мәселеге түрлі ой-пікірлер
айтылуда.Біреулер латын әліпбиінің тиімді жақтарын қолдаса, енді біреулер
асығыстықққа жол бермеу керектігін айтады. Әр айтылған пікір орынды.Бұл әліпби
–біздің заманымыздың, біздің болашағымыздың әліпбиі. Әрбір Қазақстан азаматы
жаңашылдыққа бет бұрып, ғылым мен техниканың дамуынан қалмай, алға жылжуы
бүгінгі күннің басты талабы деп білемін.
9 қазан күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, жаңа нұсқамен танысты.
– Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша
талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне
көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті.
Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады, – деді Елбасы.
Рухани жаңғыруымыздың алғы шарты –латын әліпбиі.
Біздің ұрпаққа бұл үдерісті жүзеге асыру міндеті қойылып отыр. Елбасымыздың
қазақ тілін латын әліпбиіне көшуге қатысты бастамасының маңыздылығын ескеріп,
болашақ буынның алдында тарихи жауапкершілік тұрғанын ұғынуымыз қажет.Жаңа графика мемлекеттік тілді дамытуда жаңа қуатты серпін
беретініне сенімдімін.