2017 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6
бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы ата-ана төлемақысының мөлшері
бекітілсін.
2. Бұланды ауданы әкімдігінің «2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу
мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі №
а-04/129 қаулысының күші жойылды деп танылсын
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5954 болып
тіркелген, 2017 жылғы 2 маусымда «Бұланды
Ақпарат» аудандық газеттерінде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш.
Тасылбековаға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола
облысының Әділет департаментінде мемлекеттік
тіркелген
күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі және 2017 жылдың 1 қантарынаң бастап туындаған құқықтық қатанастырга
таратылады.
Аудан әкімі Қ. Испергенов
|
Бұланды
ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «___» _______
№ _______қаулысымен
бекітілген
2017 жылға
арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының
мөлшері
Мектепке дейінгі мекеменің түрі |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу мекемелеріндегі тәрбиеленушілер саны |
Бір айдағы мектепке дейінгі мекемелерде жан басына шаққандағы қаражаттың мөлшері (теңге) |
Бір айдағы бір тәрбиеленушіге орташа шығындар құны (теңге) |
Бір айдағы мектепке дейінгі мекемелерде ата-ананың төлейтін мөлшері (теңге) | ||||
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік | |
Балабақша |
844 |
0 |
26930 |
0 |
26930 |
0 |
8200 |
0 |
Толық күнмен болатын шағын орталық |
393 |
0 |
20326 |
0 |
20326 |
0 |
8200 |
0 |
Толық емес күнмен болатын шағын орталық |
39 |
0 |
9254 |
0 |
9254 |
0 |
0 |
0 |
.