Заманауи тұрғыдағы фестиваль
Қарағанды қаласында «Roboland 2017» робототехникадан халықаралық фестиваль өтті. Фестивальда ауданымыздың
намысын Макинск қаласындағы мектеп-лицейінің командасы қорғады.
Фестиваль жастар мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту,
робототехниканы насихаттап, оны білім беру саласындағы қауымдастықтарда
біріктіріп, дамыту мақсатында өткізілді.
Фестивальдің ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысып,
сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Фестивальге Қазақстанның барлық облыстарынан және Ресейден 400-ге жуық команда, 800-ден аса
робототехникамен әуестенген оқушылар қатысты.
Еліміздің басқа облыстарынан келген командаларды қарсы алып, оларға фестивальге қатысты сұрақтар
бойынша кеңес беріп, көмек көрсеткен қала мектептері педагогтарының атқарған үлкен
жұмыстарын атап өту қажет. Қала бойынша бұл жұмысқа 110 волонтер
тартылды.
Жас өнертапқыштар 24 номинация бойынша бақ сынасты: су роботтарының сайысы,
автономды футболшы роботтар және билейтін антропоморфты роботтар турнирі,
3D-прототип жасау сайысы, боттарды бағдарламалау, виртуалды әлем құру мен дәстүрлі
сайыстар: лабиринттер, механикалық және интеллектуалдық сумо, кегельринг, квадрокоптерларды
басқару, экороботтар сайысы, сызықпен жүру, сумо, пазлдар, лабиринт және тағы
басқа.
Фестиваль аясында қазақстандық және шетелдік өндірушілердің заманауи робототехникалық өнімдері
көрмесі ұйымдастырылып, Гонконг, Санкт-Петербург және Алматы қалаларынан
шақырылған тренерлер оқушыларға, педагогтарға және келген қонақтарға семинарлар
мен шеберлік сыныптарын жүргізді.
Барлық жеңімпаздар Қарағанды облысы білім басқармасының дипломдары мен арнайы сыйлықтарымен
марпатталды.