«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

« Қазіргі заманғы ғылым: прогресске қадамдар» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

11.11.2019
« Қазіргі заманғы ғылым,өзгеріске бастар қадам»  тақырыбында  жас зерттеушілер мен жас ғалымдар, студеттер және оқушыларға арналған  V Халықаралық ғылыми-тәжирибелік конференцияға Макинск қаласының мектеп –лицей  оқушылары  Темірғали Мөлдір мен  Байзуллова Айдана қатысып, екі бірінші  орынды иеленді.Онда Ресей Федерациясынан, Солтүстік –Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан, Рудный, Шымкент қалаларының  жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері және 200-ден астам оқушылар қатысты. Конференция аясында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттағы 30-дай ғылыми салада ғылыми-зерттеушілік жұмысы бойынша жобалар байқауы өтті. Үздіктерді белгілі қазақстандық және ресейлік ғалымдардан тұратын беделді қазылар алқасы анықтады.
Конференция мақсаты:

- оқушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
 - жас ғалымдар мен әртүрлі ғылыми мектептердің ғалымдарын біріктіру ;
-ғылым мен практиканың негізгі жаһандық мәселелерін талқылау және шешу; 
- жүргізіліп жатқан зерттеулерді талдау және бағалау олардың тиімділігі мен қолданылуы;
 - заманауи инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ету; 
- ғылымның даму тарихы мен қазіргі жағдайын бақылау.

 
Ұйымдастырушылар: «Халықаралық дамуды қолдау қоры» қоғамдық қоры
педагогикалық шығармашылық және ғылым» және Инновациялық Еуразия университеті;
Оренбург (Ресей) қаласының «Социос» әлеуметтік институты қолдауымен;
Конференцияның мақсаты: студенттер арасында ғылыми қарым-қатынас жасау.

 

 

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст