Текст
Бүгін Алматы қаласында "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының республикалық кезеңі өтуде, оған «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ бұйрығына сәйкес 8 педагог қатысады, олардың жұмыстары өз бағыттарында үздік атанды. Төрт педагог-Бұланды ауданының мұғалімдері. Біздің екі педагог БҒМ грамоталарымен марапатталды. «Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицей» КММ технология пәнінің мұғалімі Ләззат Амантайқызы Устажанованы құттықтаймыз пен «Макинск қаласы № 2 ЖОББМ» КММ директорының м.а Хасихан Елік, беделді кәсіби конкурста жоғары нәтижемен көзге түсті. ӘК әдіскері С.А.Артемьева