Бұланды ауданының әдістемелік кабинеті 2024 жылдың 7 ақпанында «Дағдарыс жағдайында жасөспірімге көмек көрсетудегі ересектердің рөлі» атты аудандық онлайн семинар-кеңесін өткізді. Семинарға жалпы орта білім беру ұйымдарының аудан педагог-психологтары қатысты.
Мақсаты: Жасөспірімдік суицид проблемалары бойынша ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету.
Міндеттері: Жасөспірімдердің суицидінің себептері, белгілері мен сипаты туралы ата-аналардың білімін кеңейту. Баламен қарым-қатынас туралы ойлануға және бағалауға мүмкіндік беру.
Семинарда жасөспірімдердің суицидінің себептері қарастырылды. Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды түсіндірді. Дағдарыс жағдайында жасөспірімге көмек көрсету бойынша түсіндірмелер жүргізді. «Қазіргі заманғы интернет-қауіптер мен балалар өміріне қауіп-қатерлер, әлеуметтік желілерде олардан қорғану тәсілдері» бойынша Жумабаева Марфуга Амангалиена, Айнаколь а, ЖОББМ педагог-психологы баяндап берді. «Причины подросткового суицида» жайлы Кахарманова Анастасия Юрьевна Воробьевка негізгі орта мектебінің педагог-психологы мәлімдеді. Тургумбаева Жайнагул Рамазановна, Макинск қаласының №2 ЖОББМ педагог-психологы «Психологические аспекты буллинга и кибербуллинга в школе» өз баяндамасымен таныстырды.
Семинар соңында ұсыным қабылданды. Г.Р.Баитова АӘК әдіскері.