Әдістемелік жұмыс оқу қызметінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және әдістемені жетілдіру, білім сапасын арттыру, оқытудың жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу, енгізу мақсатында әдістемелік кабинет ұйымдастыратын шаралар кешені болып табылады. 2024 жылғы 27 тамызда Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кеңесі өтті. Әдістемелік кеңес жұмысына 29 директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Әдістемелік кеңестің төрайымы Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Алдабергенова Жанар Жансерікқызы «2024-2025 оқу жылына арналған нормативтік құжаттармен танысу», «2024 -2025 оқу жылының жұмыстың басым бағыттары» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің құрамы, 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. «Бастауыш және негізгі деңгейлер арасындағы сабақтастық жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Гүлнар Төлегенқызы Джамбасова баяндама жасады. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру», «Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі» КММ директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Толқын Қадырқызы Нұрмұқанова және «Макинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Кочкина Любовь Сергеевна баяндама жасады.