Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Алдабергенова білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.Алдабергенова "Аудан мектептерінде оқытуды ұйымдастыру туралы" тақырыбында баяндама жасады. Білім бөлімінің әдіскері А.Төлебаевтың "Күнделік "электрондық журналын, ҰБДҚ, әлеуметтік желілерді, білім беру ұйымдарының сайттарын жүргізу туралы қашықтан оқыту мектептерінде "Онлайн-Мектеп" платформасын жүргізу мониторингі" туралы баяндама тыңдалды. Білім бөлімінің әдіскері Г. Баитова "мектепке дейінгі ұйымдарда прокуратураның ұсынымдарын бұзушылықтарды жою туралы қорытындылар" баяндамасымен сөз сөйледі. Карантинге байланысты оқушылардың бағалау жүйесіне түзетулер енгізілді. Бағалау көзделген әрбір пән бойынша бөлім үшін бір жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан үшін бір жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі. БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша оқушыларға тоқсан ішіндегі оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.Білім беру ұйымдарының басшыларына: бір "Онлайн-Мектеп" платформасын, бір оқушы - бір платформаны пайдалану ұсынылды. Бөлім мен тоқсан үшін жиынтық бағалаудың тапсырмалары педагогтарға дербес әзірленеді. "Күнделік" электронды журналын бақылауға алып, мұғалімдердің сабаққа қатысуын 100% - ға дейін жеткізу тапсырылды.