Текст
Өнер - ұлттық құндылықтарымыз бен
салт-дәстүріміз біте қайнасып, шежірелі тарихымыздан сыр шертетін бабалар
аманаты. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасына және Елордамыздың 20-жылдығына арналған биылғы көркемөнерпаздар шығармашылық
байқаудың аудандық кезеңін алғашқы болып білім ұйымдары бастады. Байқауда өнер
көрсеткен жастарға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Орал Серікқызы Курумбаева бастаған қазылар алқасы бағаларын берді.
Білім ұйымдарының халық шығармашылық байқауы барысында қолөнер шеберлерінің
төл туындылары да көпшілікке ұсынылды. Байқау соңында қазылар алқасы өз
пікірлерін білдіре келе, барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.